+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Қазақтар бірдеңе бүлдіріп жатыр»


1966 жылдың сәуір айында Әмен Қайдар бастаған топ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты, бір бөлімді, түрлі-түсті графикалық мультфильмді жасауға кірісіп кетеді. Мультфильмнің режиссерлігі де, сценарий жазу да өзіне тапсырылады. Ол кездері техникада қазіргі мүмкіндіктер қайдан болсын. Сондай қиындыққа қарамастан, Әмен Әбжанұлы жоқтан бар жасауға бел буады. Ол уақытта өндірістік база мен кәсіпқой кадрлар жоқтың қасы еді. Бұрын кино саласында жұмыс істемеген суретшілер, сурет түрінде салынған мультфильм жасау – күрделі және көп еңбекті қажет ететін техникамен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Фильмді жасау ұзаққа созылып кетті. Алғашында күдікпен қарағандар да болды. Жас суретшілер жұмыстарын әліптен бастады. Қарапайым мультқозғалыстарды меңгере отырып, сурет өнерінің белгілі заңдары мен ұстанымдарына бейімделді. Сонымен қатар, киноматографиялық уақыт пен кеңістікке баса назар аударылды. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі  1967 жылдың тамыз айында жарыққа шықты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

332

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз