+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



САНАСЫ ҰЛТ АНАСЫ


«Жаман әйел жақсы еркекті құл етеді, жақсы әйел жаман еркекті хан етеді»-деп халық бекер айтпаса керек. Халима апай Әзілхан Нұршайықов  ағаның тек жары ғана емес, кеңесшісі және ақылшысы болған. Өмірін тек адалдықпен өткерген жан. Ол кісі өзі адал болуымен қатар Әз ағаны да адамгершілік қасиеттен аттап кетпеуге, кісі ақысын жемеуге шақырып отырады. Бұған дәлел ауылдан келген сыбаға деп ( былай қарасаң пара ғой) жазушылар одағына мүшелікке өтуге талпынып жүрген жанның үйіне әкелген етін, сыйлығын кері қайтарып жіберуі. Кассада шатасып артық берген қаражатты қайыра апарып беруі. Бұл да болса екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Атаның емес адамның ұлы бол. 1986 жыл. Қазақ жастары шеруге шығып, ұлт бостандығы туралы мәселе көтеріліп, қазақтар жаппай қудаланып, ұлтқа қара күйе жағылып жатқан кез. Дәл осы шақта көптеген қазақ зиялылары қорқақтық танытып бұғып қалады. Ал Әзілхан аға Мәскеуге хат жіберген екен. Хатында Қазақ жастарының ұлтшыл еместігін, тек әділетсіздікке күйінгендерін, жалған жала жабылып жатқанын айтады. Аталмыш хатты Халимаға оқытқан кезде ол кісі:

 — Бұл хаттан соң сені түрмеге жабады. Ұрып-соғып, қорлық көрсетеді. Мен сені ондай қинауға қимаймын. Менің ерім де, әкем де, шешем де сенсің! Бірақ, сен менің күйеуім ғана емес, ұлттың ұлысың ғой. Ендеше мен саған менің күйеуім ғана бол, ұлттың ұлы болма деп айта алмаймын. Тәуекел мен көндім,— деп жауап қатады.

 

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жары Халима апайдың естелігінен 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

593

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз