+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ашылмай қалған құшақ


-1934 жылдың мамыр айында Павлодар облысының Май ауданы, Аққұдық деген жеріне 120 пұт егістік тұқым апардық. Ауылға кірдік. Жан жоқ, адам түгіл еш жәндіктің қыбыры жоқ. Ауыл шетіндегі бір үйге кірдік. Еш жанның белгісі білінбейді. Ішке кірдік, бөлме бұрышында бір шымылдық керілген екен, жас жұбайларға арналған болар. Шымылдықты түртіп қалып едім, матасы іріп тұр екен, жұлым болды. Ар жағында екі адамның қаңқасы, бірінің қара шашы ұзын, екіншісінікі қысқа, жас жігіт пен әйел екені, жас жұбайлар екені байқалып тұр. Өлімді құшақтасып қарсы алыпты. Осы көрініс өмір бойы есімнен кетпейді.

Зейтін Ақышев, жазушы

 

Өлкетанушы Сағат Жүсіптің  «Ашаршылық ақиқаты» кітабынан үзінді 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

571

1 comment

  • Сәрсенбі, 25 Қараша 2015 11:09 Бохан Гатау-Гали

    Ух,қандай заман бұл Қазақ халқының басына қолдан жасалған қырғын,жан түршігерлік уақиға Сағат ағаның "Ашаршылық ақиқатын" оқып жүрегім қатты ауырғасын оқи алмай қойған едім,мынау ашылмай қалған құшақта өткен тарихымыздың шындығы,бүл қырғынды келер ұрпақ білу керек,бұл адамзатқа ұлтқа жасалған қастандық,Кәзірде сол коммунистердің сарқыншақтары елді төстеп билеуді озбырлық қанау тонау әлі жүріп келе жатқанның бүгінде шынайы куәсі болып отырмын,Қалайық сіздер не дейсіздер?

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз