+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Спорт сұлулығы – көркем гимнастика (ВИДЕО)


Музыка ырғағымен арнайы затты қолдану арқылы орындалатын спорттық билердің бірі – көркем гимнастика. Бұл – әдемілік пен әсемділікке негізделген спорт түрі. 

 

Би тал шыбықтай майысқан ару қыздардың көркем жүруін қалыптастырып, әсемдікті үйретеді. Би толқын тәріздес, серіппелі қозғалыс, иіліп бұралу, денені тік ұстап жүру, секіру сынды қимыл-қозғалыстардан құралған. Негізгі бөлігі спорттық жаттығулардың көрінісін бейнелейтін биге қазақша, латын американдық және т.б. билердің элементтерін қосуға болады.

 

Нәзік жанды арулардың орындауындағы бұл бидің қалай және қайдан бастау алғанын білесіз бе? Бидің орындалу шеберлігін көргіңіз келсе, төмендегі видеоға назар аударыңыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

661

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз