+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



От ауыз, орақ тілді Оразалы


Айтыс дейтін арда өнерге айшықты із қалдырған Оразалы Досбосынов жайлы естелік айту маған өте ауыр. «Атамды атсаң ат, ботамды атпа» деген атам қазақтың айтқаны болмай, тағдыр өз әмірін жүргізіп бақты. Орда бұзар отызға толмай, толағайдай қара өлеңнің көшін алға сүйреген ақын бауырымыз көлік апатынан ажал құшты.

Мен Оразалыны балғын кезінен білуші едім. 1990 жылдары қазіргі Райымбек ауданына айтысқа бардық. Ол кезеңдерде аудандық, облыстық айтыстар жиі-жиі өтіп тұратын. Жыр додасы аяқталып, ақындарға қонағасы берген ақ отаудың ішінде нарынқолдық ақын Қасен Саматыров, Даубай Әбдісаев тағы басқа да айтыскерлер болды. Абыр-сабыр басылып, әңгіме ауаны айтыс төңірегіне ойысқанда, Даубай ақын жұдырықтай ғана қара домалақ баланы қасына шақырып: «Әй, Айтақын, мына бала менің баулып жүрген шәкіртім, өзіңнің бауырың болады, саған тартқан ақын болсын, қане, тақымыңнан өткізіп бер», - деді. Көптің көзінше аузыма сөз түспей, не дерімді білмедім де орнымнан тұрып, баланы тақымымнан өткізіп, аузына түкірген болдым.

 

Айтақын БҰЛҒАҚОВ, ақын

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

603

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз