+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



САТЫЛЫП КЕТКЕН САН КІТАП....


Ақселеу Сейдімбектің бір кездегі: «Кітапханам Қадыр Мырза Әлидің кітапханасынан бай» дегеніне біреу сенді, біреу сенбеді. Бұл кісінің кітапханасы өзінің көзі тірісінде бес рет үлкен сұрыптаудан өтіпті. Ақырында өзі тарихи-филологиялық салаға тоқтағандықтан, кітапханасында осы салаға қатысы бар кітаптарды ғана қалдырыпты. Соның өзінде сөредегі кітаптар саны 10 000-нан асқан екен. Заманның қысылтаяң шағында маңдайға біткен жалғыз ұлы үйленіп, кітапханасына екінші рет сұрыптау жасапты. Сол тұста бұл кісінің алты мың кітабын сатып келін түсіргенін бүгінде жұрт аңыз ғып айтады. Бір мәттақам еврейге 6 мың кітабын 1 миллион теңгеге өткізген екен сонда. Сол кітаптардың ішінде Абай оқып, астын сызған, Мұхтар Әуезов ұзақ үңілген Джон Дреппердің «История европейского умственного развития» деген екі томдық кітабы мен Ғ.Мүсірепов өз қолымен сыйлаған 1700 жылы Лейпцигте жарық көрген алтын Құранның еврейдің қолында кеткеніне іші ашып, жер бауырлап жатып қалған кезі де болған. Кейін өзі Кітап музейінің директоры Мұқан Мамажановқа айтып жүріп, заманында Абай елінен Мұқаңның қолына, Мұхаңнан Ісләм Жарылғаповтың қолына көшкен, Ісләм Жарылғаповтан өзінің қолына тиген Абайдың қолтаңбасы бар кітапты Кітап Музейіне алдырыпты.

 

Қарлыға ИБРАГИМОВА

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

747

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз