+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Мақсатым – «Оскар» алу емес, әлемге қазақтың атын шығару!


Қазақстандық белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі «Оскар» киноакадемиясының жүлдесіне ұсынылған болатын. Режиссердің бұдан 25 жыл бұрын жазған дипломдық жұмысы бойынша түсірілген фильмнің сюжеті 1930 жылы аштық жылдардағы шынайы оқиғаға негізделген.

 

«Бала кезімде ауылда қоғамнан баз кешіп, тауда өмір сүретін Жұмақан деген кісі бар еді. Біз тентектік жасап, ата-анамыздың сөзін алмасақ, сол Жұмақанды шақырам деп қорқытатын. Жападан жалғыз, заман өзгерісінен хабарсыз боса да, Жұмақанның ешкімге ешқандай зияны жоқ еді. Есейе келе, сол кісі есіме жиі түсіп, сценарий жазуға кірістім», - деп еске алады режиссер.

 

Сынды жақсы қабылдайтын Ермек Тұрсынов: «Мақсатым – «жүлдеде» емес, қазақтың намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп, атын шығару», - дейді. Кинокартинаның түсірілім барысы, идеясы, сондай-ақ, актерлердің қалай таңдалғаны жайлы білгіңіз келсе, режиссердің өзі берген сұхбатына назар салыңыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

411

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз