+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Өмірін өнерге арнаған


Ақселеу Сейдімбек сан қырлы тұлға еді. Және ол қай салада болмасын жарқырай көрінді. Ғалым ұзақ жылдар бойы күй өнері туралы кешенді зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде қазақтың музыкалық мәдениетіне қатысты мейлінше мол эмпирикалық материалдар алғаш рет рухани айналымға түсіп, халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы тың дерек-тұжырымдар өзегінде пайымдалды. Бір жарым мың жылдың аясында ғасырлардан сыр шерткен бес мың күйдің тең жартысының аңызы өңделіп, басылым беттерінде жарық көрді. «Күй шежіресі» деп аталатын екі кітабы шықты, докторлық диссертация қорғады. «Қазақтың күй өнері» туралы толайым монография жариялады. Осы еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

371

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз