+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Оқылмаған хаттың құпиясы


Нақты бұл хаттың кімге, қандай мәтінде жазылғаны әзірге беймәлім. Себебі, төте жазуды оқитын ғалымдар болмаса қалың көпшілік оның қаріптерін де біле бермейді. Анығы бұл хатты Бөкейхан Нұрмұхамедтің балалары Әлихан болмаса кіші баласы Смахан жазған. Осы жарты парақтан асқан жазба мен Құран кітапты  Қарағанды облысы,  Ақтоғай ауданында тұратын Борымхановтар отбасы Бөкейхан әулетінен алып, күні бүгінге дейін сақтап келген. Хат құпиясын ашуға шамаңыз жетсе, атсалысаңыздар екен. Хатты анық оқылу үшін қарағандылық өлкетанушы Тұңғышбай Мұқановтан  өтініш жасаған кезде  Борымхановтар отбасында барып, фотоаппаратқа түсіртіп, электронды почтамызға жіберіпті. Енді, сан жылдардың құпиясын ішіне бүккен хаттың жұмбағы ашылса болды.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

374

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз