+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Самаурынның шүмегі


Тарихи деректерге сүйенсек, самаурын ең алдымен Ресейге І Петр патшаның алдыртуымен келген екен. 1746 жылы Голландияға барып, кеме жасау ісін көріп келген патша сол сапарынан өзімен бірге еліне самаурынды ала қайтса керек. Араға 20 жыл салып Ресейде алғашқы самаурын фабрикасы іске қосылған. Ал қазаққа ол ХІХ ғасырда келгенге ұқсайды. Әуелде самаурынды қолы жеткен байдың байы ғана сатып ала алған, бір деректерде сол тұста қазақ даласында сиыр 1 рубльге бағаланса, жез самаурын 25 рубль тұрған. Сондықтан 25 сиыр тұратын мұндай ыдыс біразға дейін қазақ даласында байлықтың белгісіндей саналып келген. Сондай самаурынның бірін қазақта Есеней деген бай сатып алып, шай ішпей қойған деседі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

432

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз