+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АШТЫҚТЫҢ АЗАБЫ....


Қарғаның айтқан әңгімесі адам шошырлық. Осы төңіректегі Мешіт ауылы, Көлқамыс ауылы, Қарақоға ауылы, Қарабидайық ауылы, Көкалат ауылы сияқты барлық ауылдардың халқы тентіреп кеткен, даладан саршұнақ теріп, тышқан аулауға айналған, ел ішінде кісі етін жегіштер де пайда болған. Бірі Қостанай, ал екіншісі Торғай деп жолға шыққан адамдар діттеген жерлеріне жете алмай, далада көмусіз қалған, әсіресе, балалар мен қарттарға қиын болыпты. «Басқа жерде бір үзім нан табамыз» деп, «жолыма қолбайлау болады» деп өз ішінен шыққан жалғыз баласын суға лақтырып жібергендер де болған. Өзі де тентіреп, Ұлытау жаққа бет алған түрі екен. Тірі жан тіршілігін істеуі керек қой. Сол жылы түздің аң-құсы да азаюға айналды, енді бәйбішем Ақтоты екеуміз аң аулауға бірге шығатын болдық. Үш баланы бір Аллаға тапсырып, үйдің сыртына сырық қоямыз да, таңнан кешке дейін аң аулаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

461

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз