+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«МАХАМБЕТ В ЮБКЕ...»


Фариза ақын ердің орнына ер болған, азаматпен тең болған, намысқа шапса өр болған, анаға бақса кең болған, қызға бақса қырмызы, қызылға бақса өң болған ақын. Құлагер-жырдың құлағын қайшылатып, от-жүрегінің жалынын тамшылатып, намыс пен жігерін қамшылатып, даланың жігіттерін өрлікке шақырған ақын. Аласаға алдырмай, қуғандарға шалдырмай, еңістен салса, төске озып, болдырмай келе жатқан жүйрік. Серпер сезімді саңлақ.

Өрлікке шақырмай қайтеді, ол мәңгі майданның алдаспаны Махамбетпен кездескен ақын. Уақыт белдеуін бұзып өтіп, бабасымен бетпе-бет келіп, одан жасын жырының бір уыс лапылын алып, намысын тұтатқан Фариза ақынның автобиографиялық антологиясын қарасаңыз, Исатай баһадүрдің ақтабанының жер тітіреткен дүрсілі мен Махамбеттің ала өгіздей өкіріп, Еділ-Жайық – екі судан зырқырай өткен бір тартарының нар қамысты жапырған суылы естіледі. Содан да болар кезінде Тахауи Ахтанов Фариза ақынды: «Махамбет в юбке» деген-ді. Әрине, юбка киген Махамбетті көзге елестету оңай емес, бірақ Тахаңның бұл сөзін тауып айтылған тіркеске қосқанның еш айыбы жоқ.

 

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

664

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз