+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Мағжанды аман алып қалған Ленин


Мағжанды соттап алып кеткеннен кейін екінші күні Абамүсілімнің үйіне жендеттер тінтумен келген екен. Сол кезде үлкен ағасы Абамүсілімнің үйінде Мағжанның суреті түрған екен. Сасқалақтаған ағасы суретті алып, Лениннің портретінің астына тыға қойған. Жендеттер үйдің астан-кестеңін шығарған. Бірақ ол кезде Лениннің портретін қолымен ұстауға бір адамның хақысы болмаған. Абамүсілімді үйден әкетіп бара жатқанда ол әйелі Күлбарамға «Лениннің портретінің шаңын сүртіп отыр» деген екен. Үш күннен кейін Мағжан, Абамүсілім мен Қаһарманның атылғанын естіген Күлбарам күйеуінің осы сөзін есіне түсіреді. Кейіннен шаңын сүртпек болғанда қайнысының фотосуреті шығады. Ол кісілерде алты бала болған. Күлбарам өле өлгенше алты баласына айтпаған. Көз жұмар алдында ең үлкен ұлы Қабдошқа ғана қабырғадағы портретті алушы болма деп тапсырып кетіпті. Астында не жатқанын бір балаға айтпаған. Ал түрлі-түсті фотосуреттер шыққанда, балалары портретті фотосуретке ауыстырамыз дегенде, астынан Мағжанның суреті шығады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

574

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз