+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТОПЫРАҚ ҚАЙ ЖЕРДЕН БҰЙЫРДЫ ЕКЕН ҰЛЫ АҚЫНҒА?!


Әжемнің бала күнімде "Ерте ерте ерте екен, ешкі құйрығы бөрте екен"-деп басталатын ертегісінен бұл жолы жазғалы отырған әңгімем мүлде бөлек. Аңыз дейін десең таяқ тастам жердегі 20-шы ғасыр. Мерзімі белгілі. Бейтаныс дейін десеңіз,қазақ өнерінде өзіндік орны қалған Үкілі Ыбырай, қазақ поэзиясында аялы ақыны Мағжандардың қайда жоғалғанын, қайда жерленгенін әлі күнге білмейміз. Журналист болғасын Үкілі Ыбырайдың өмірінің соңғы сәттеріне дейін нақтылағым келді. Әрқилы қисын. Бір мәліметтерде оны біреулер Орынборда базарда ес-түссіз, алжып, бұтына жіберіп жүрген жерде көріпті-мыс. Енді бірінде Қызылжарда атылыпты,- деп ауыл ақсақалдары күні кешеге дейін айтып өткен.Ғылыми қисын, тұжырым дерек жоқ. Әжем айтқан мерзімі белгісіз ертегідей әңгіме. Мағжан ақынның  қай жерде қайтыс болғаны туралы қанша болжам айтылса да тиянақталған жоқ. Бауыржан Момышұлы атамыз "1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамның арасынан көрдім" дейді. Атырау облысының қарт тұрғыны  Абдулла Әбдірахманов, "1951 жылы  Мағжан Колымдағы лагерде  аштық пен аурудан көз жұмды" деп жаңа деректі жайып салды. Ақсақалдың айтуынша, ол өзі де сол күзде  ақынмен бірге жазасын өтеген көрінеді. Енді бір ресми дерек, ату жазасына кесіліп көз жұмды дейді. Абдулла қарияны ерітіп елімізден арнайы экспедицияда Колымаға барып қайтты. Алайда олар  ақынның қабырын тек жобалап белгілеп, аят бағыштады. 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

768

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз