+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АРМАНДА КЕТКЕН АҚЫН МАҒЖАН


1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында "Алаш” партиясын құруға қатысып, кейін Ақмола губерниялық "Бостандық туы”газетінде істейді. Мағжан өмірінің бұл тұсы драмалық жайларды бастан кешірген кез еді. Уақытша үкімет кезінде жəне онан соң біресе Колчак əскері, біресе Совдеп билік құрып тұрған кезде, "Алашорда”, "Үшжүз” партияларының айтысы кезінде М.Жұмабаев "Алаш” партиясының мүшесі ретінде біраз уақыт түрмеге жабылады. 1919 жылы жары Зейнеп баладан қайтыс болады, аздан соң ұлы Граждан да шетінейді. "Баланың қабір тасына ” деген өлең жазады. "Өлгені емес жерді тастап кеткені, ізгі оймен жайлы жаннат төрінен орын алып, ата-анасын күткелі” дейді ақын. Бұл тұстағы белгілі, əрі əйгілі өлеңі –"Мені де өлім, əлдиле”.Əлеуметтік жолайырық кезінде шартарап ой құшағындағы қамығулы ақынның ең жақындарынан айырылу қайғысы қатты күйзелтеді.Бірінен соң бірі келген қаза оған тағдырдың сайқымазағындай көрініп, ақынға ашынған көңілден "Өлім күйі тəтті күй. Балқиды жаным бұл күйге, Мені де, өлім, əлдиле” дегізеді. Жастайынан сүйіп қосылған жары Зейнепке арнаған "З-ға” деген өлеңінде:

 "Қосылған жас күнімнен жарым едің,

 Сүйікті анық досым, жаным едің,

 Алысқа ұзап жолға шыққанымда,

 Сарғайып мені күтіп қалып едің "деген ақынның өкініш, қиналыс, жан толқуын аңғаруға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

577

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз