+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АТА МЕКЕН, КӨКЕЙІҢДЕ ЖАТАДЫ ЕКЕН...»


Әп дегеннен отаншылдық рухты  оятатын, ұлтты ұлықтайтын «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келді. Бұл әннің туындауына  Ескендір Хасанғалиевтің шетелде гастрольдік сапармен ұзақ жүргені сеп болыпты.  Елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алуды  ойлайды. Ұзақ толғаныстардан кейін,  бірінші ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге өтініш етеді.  Әуені де сөзі де ұйқасып үйлескеннен кейін ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады. Рухты ән  бірден халық сүйіспеншілігіне бөленіп кетті . Содан жаңа ән Қазақ жерінде емес, шетелдерде де  ерекше танылды. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Қазақстанның өнер делегациясымен бірге Швеция еліне барады. Стокгольм қаласында өткен концертте «Атамекен» әнін шырқаған Ескендір Хасанғалиевке жергілікті халық үлкен қошемет көрсетеді. Концерт аяқталған бойда, әншіге қандас бауырлар келіп, «Атамекен» әні туралы шынайы лебіздерін білдіріп, көздеріне жас алған екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

472

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз