+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ақмаңдайлым


Қазақтың біртуар әншісі Бағланова Роза апамызға ұқсаған жұлдыз болсын деп, әнші болсын деп, осы апама ұқ­сауымды тілеп, ата-анам менің атым­ды Роза деп қойыпты. Ол кезде, яғни мен туған жылы апамыздың есімі бүкіл Қазақстанға, бүкіл Кеңес Одағына, тіпті шетелдерге әйгілі болып, жұлдызы өте жарқырап тұрған кезі ғой. Жалпы, қазақ халқы ырымшыл халық қой. Жақсы адамдарға жанасқанды ылғи жақсылыққа жорып, соған ұқсасын деп ырымдап, әрқашанда балаларына бір әйгілі есімдерді беріп жатады. Есімім Роза деп аталғанына құдайға шүкір. Міне, қазақ өнерінде әншілік жолменен 35 жыл сахнада жүрмін. Апамызбен сахнаға талай рет бірге шығып, өнер көрсетіп, ән шырқадық. Халқына еркелей білген, біз сияқты кейінгі жастарға тәлім-тәрбиесі мен өнегесін көрсете білген аса талантты апамызды өте құрметтеймін, сыйлаймын. Роза апайдың бәріміз күтіп жүрген тоқсанына жетпей бұл дүниеден аттанып кеткені қандай өкініш. Бірақ ол кісі қазақ әнінің бұлбұлы болып халықтың жүрегінде мәңгілік қалады.

Роза Рымбаева әнші

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

357

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз