+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Фатиманың қарғысы


Қазақ зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшырап, бірі қамалып, бірі атылып жатқан кезеңде Ілияс Жансүгіровтің еңбектерін аман алып қалып, ұрпаққа жеткізуге Фатима Ғабитова аз үлес қосқан жоқ. Осындай оқиғалардың бірін қызы Ильфа былай деп жазады: «Анам Фатиманың 1957 жылғы Қазақстан жазушылар одағындағы партия жиналысында айтқан сөзі есімнен кетпейді. Ол сөзі үш адамды – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинді ақтауға арналған еді. Сәнді киінген, маңғаз, асқақ келбетімен шыға келгенде, бәрі  тына қалды. Оттай жанған қара көзінің әсерінен у-шу болған зал лезде басылды. Оның сөзі өзіне дейін сөйлегендердің сөзінен ерекше болды. Хрущев пен қазақстандық үкіметке атүсті алғысын айтқан соң қолын залға созып, бірінші қатарда отырғандардың нұсқап, бірінен соң бірінің айыбын айта бастады: «Сен Ілиястың үстінен арыз жазғансың!», «Сен оның еңбектерін иемденіп алғансың!», «Ал сен Ілиястың отбасын қуып шығарып, пәтеріне кіргенсің!». Бұл бір құлақ естіп, көз көрмеген, ғаламат нәрсе болды. Мен оның сөзінің жарым-жартысын да ұқпай, қатты масаттанып отырдым».

 І.Жансүгіровтің қызы Ильфаның естелігінен 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1195

2 comments

  • Сенбі, 28 Мамыр 2016 18:06 күләш

    Не деген батырлық! Ақиқатты батыра айтудың өзі қатерлі еді ғой. Қуғын-сүргін тарихын біраз зерттеп, "58 статья-ЗАРЗАМАН" деген кітап жаздым. Соны басып шығарудың, насихаттаудың өзі маған біраз қиындық тудырды. Басшылар әлі күнге жазықсыз, жаламен құрбан болған арыстарымыздың аты қайта шыққанынан сескенетін секілді. Мен осы күнге дейін қалалық мәдени, саяси шаралардан аластатылдым. Шындықты айтқаным үшін. Мен Фатима сынды өр, батыл, қайратты жанның қайсарлығына таң қаламын. Елім деп құрбан болған адал арыстарымыздың рухы ешқашан өшпейді, оны халқымыз сонау қасіретті жылдардан қалай сақтап келсе, тәуелсіз елдің саналы азаматтары жалғастырады.

  • Сенбі, 05 Желтоқсан 2015 08:52 мария арынова

    ...қазір білгірсіп бір жағына шығудың өзі ұят.Мағжанның Зылихасының да көрмегені жоқ; көп қой қайран қазақтың нағыз азаматтарының көкірегі қарс айрылып,дәрменсіз күйге түскен жарлары.Ең қиыны - қазір сол зобалаң қайталанса сатқындық та қайталаланады; біздің жүйе соны дәлеледеп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз