+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АНАМНЫҢ ТІЛІ АЯУЛЫ ҮНІ...


«Әжека, атака»,-деп  орыс тілінде шүлдірлеген немересіне «сынуля, внучка»,-деп 62 тамыры иілген болып, үзігіп сөйлеп, «жасанды мәдениетімен» ортасына үлгілі болуға «тырысатын» әжекалардан соңғы кезде жеріп жүрмін. Шоқша сақалы, басында тақиясы бар кейбір қазақтың шалдары да  қоғамдық көлікте немересімен орысша сөйлесіп бара жатады. Орысша сөйлегенді мәдениет көретін құлдық сананың қалың құрбаны. Ондайлар орысша бірдеңе сұраса әдейі «мемлекеттік тілде не ағылшын тілінде сұраңыз»,-деп жауап қатамын. Ақырын эмоциясы мен дауыс ырғағын бағам. Әлгі біреу аз-кем қабағын шытып, «өзіне ұнайтын өміріне» мен кедергі болғандай  кейіп танытады. О, тоба! «Мәселе, сол отбасы ошақ қасындағы ақсақал, ақжаулықты аналарымызды не түлен түртіп, мұқтажды түрде «маймыл» болып жүр?»- деп ойлаймын кейде. Қарап отырсам, келсаптық  көп жағдайда келінмен келеді екен. Немереге сүйсінген ене мен ата алдында, күйеуінің тілін тапқан  ана келін жәйлап «отбасылық тіл саясатын» қолға ала бастайды. Орысша сөйлейді, балаға да былдырлап соны үйретеді. Босағадан аттамай тұрып әлгі пәлекейге «тек ана тілінде сөйлейсің» деп талап қоятын  айбарлы ене, абыройлы ата қайдан табыла берсін?! Әдетте  күйеуіне сөзі өтетін келін, жатын бөлмеде жарына жеке лекция оқып, атасы мен енесіне «өз саясатын» баласы арқылы жүргізуге әрекет жасайды. Бір қарасаңыз бұл тұста «тілге» қадалатын несі бар?»,-деуге де болады. Ата-енесін бағып, баланы өсіріп, байының бабын жасап, үй тірлігін ұршықша иіріп отыр. Деседе, осы бет қақпау, ата мен енелік жасықтық  үлкен қасіреттің өзегіне айналды, айналдырып барады.  Басқаны қойып зиялы деп жүрген көптеген жазушыларымыздың, ғалымдарымыздың ұлдары, немерелері ұлттық тіл арқылы ділден, болмыстан ажырап кетті. Мысал етіп, нақты біреудің осал тұсын тырнап алу өз басыма жараспайды. Деседе, дерт дендеп барады. Басқа да себебі болса оны Сіз айтыңыз!

 

P.S Жазушы Ілияс Жансүгіровтың зайыбы Фатима ұлты татар болса да  балаларын, келіндерін тек қазақ тілінде сөйлеуге  сыпайы түрде мұқтаждаған. Соның нәтижесінде келіні Қарылғаш  ана тілінен ажырап қалмады, балаларының санасын тіл арқылы ауыстып жіберген жоқ. 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

548

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз