+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Таэквондо тарланы Мұстафа Өзтүрік туралы 10 дерек

  • Дүйсенбі, Қараша 23 2015

Бүгін Қазақстанда таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спорттың сайыпқыран саңлағы Мұстафа Өзтүріктің туған күні. Көзі тірі болғанда нар тұлғамыздың жасы 61-ге келуші еді. Қамшының сабындай аз ғана ғұмырында артынан өшпес із қалдырып, елімізге жаңалық әкеліп, еңбегін сіңірген әйгілі спорт шебері туралы не білеміз?

Назарларыңызға қазақтың айбоз ұлы туралы 10 деректі ұсынамыз.

 

1. Шын есімі – Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман.

 

 

 

2. Ол Түркияға көшіп барған қазақ отбасында туған.

 

 

 

3. Әкесі Қабен түрік жерінде палуандармен белдесіп, өзінің жауырыны жер тимейтін шебер болған. Түрік бауырлардың Қабен ағаға деген сыйластықтары артып, Өзтүрік атап кеткен. Осылайша, отбасы мүше­лері осы атауды өздеріне тек етіп алады. Сондықтан Қабен аға өмірге келген ұлының есімін Мұстафа қойып, тегін Өзтүрік етіп жаздырады.

 

 

 

 

4. ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері. Алғаш рет Қазақстанда таэквондо мектебін ашты. 

 

 

 

 5. Түркияның Стамбұл қаласында, Германияның Мюнхен қаласында, сондай-ақ, Қазақстанда Мұстафа Өзтүрік атындағы таэквондо мектептерін ашты. 

 

 

 6. Негізгі мамандығы – журналист

 

 

 

 7. 6 тілді жетік меңгеріп, еркін сөйлеген.

 

 

 

 8. Бұл дүниемен қоштасқанда жасы бар-жоғы 40-та еді. Денесі Стамбұл қаласында, әкесінің жанында жерленген.

 

 

 

 

9. Мұстафа Өзтүріктің жұмбақ өлімі туралы достары былай деп еске алады: «Оны біреулер улаған. 1995 жылдары елде рэкетирлік уақыт еді. Біреулерге Мұстафаның елге келіп, көтеріле бастағаны ұнамаса керек. Біздің болжамымызша, оның тамағына у қосқан сияқты». Алайда аурухананың берген ресми мәліметі Өзтүріктің қастандықпен өлтірілгенін растамайды.

 

 

 

10. 1991 жылы Қалила Омаров Мұстафа Өзтүрікке арнап «Барып қайт, балам ауылға» фильмін түсірді.


Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2808





1 comment

  • Сәрсенбі, 25 Қараша 2015 03:01 Жанқара нұрмұрат

    Жатқан жері жайлы жаны жаннатта болсын!

Пікір қалдырыңыз