+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Салиханың сағынышы


- Театр турлы ойласам, Есболғанның тым ерте, қырық жасында дүниеден кеткені есіме түседі. Қаншама атқаратын жұмысы бар еді... Балалары, немерелері әлі күнге дейін «Атамыз тірі болғанда ғой, көліктің алдына отырғызар едік...» деп айтып отырады. Иә, тіпті көзін көрмеген немерелерімнің өзі солай айтады. Сондай кездерде еріксіз көзіме жас аламын. Құдайға шүкір, Есболған кетсе де, оның ізін суытпайтын балаларым, немерелерім, шөберелерім бар. Есболған жас кезінде маған «Салиқа, су әкеліп берші» деп жиі айтатын, сондайда су әкеліп берсем, «бала-шағаңның қызығын көр» дейтіні бар еді. Сондайда жап-жас болып неге мұндай сөздер айтады екен деп ойға бататынмын. Кейін жетпістен асқаннан кейін маған бата беріп кеткені екені ғой деп айтып отырамын. Өзі де ерте кететінін білгендей... Шүкіршілік, Есболған көрмеген жақсылықтарды көріп, немере, шөбере қызығын көрудемін. Қанша уақыт өтсе де, Есболғанды ешқашан ұмытпаймыз. Арамыздан кеткеніне 31-32 жыл болыпты.

 

Салиха Қожақова, актердің жары

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

350

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз