+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"БЕЛЫЙ ШАМАН....."


Есболған Жайсаңбаев — үлкенді-кішілі сегіз фильмге түсіп, елге танымал болып, кино әлемінде өз орнын тапқан қайраткер. Актердің соңғы түскен киносы «Ақ бақсыдағы»   Ятчель бейнесі көз алдымызда. Түсіріс қиыр шығыста, Якутия ма, жоқ болмаса, Чукотка ма, әйтеуір, өте бір суық өлкеде жүргізілген. «Жылы жақтан барғандарға  өте қиын, қызып алмасаң, арам қатасың» деуші еді. Тыным таппайтын Есболғанның жүрегіне түскен салмақ та аз емес шығар. «Денсаулығым, шүкір, құдайға, жүз жасаймын» деген Есболған бар болғаны 43 жыл  өмір сүрді. Тым ерте кетті. Артына өшпес із, көркем құндылықтар қалдыруы — кейінгі ұрпақтарға үлгі. Жары Салиха, алтынның сынығындай  тәрбиелі үш ұлы – Шыңғыс, Мұхтар, Нарлан әр салада табысты қызмет етіп жүр.

 

 Сәбит ОРАЗБАЙ, Қазақстанның халық әртісі

 

P.S Кеңестік кезеңде ең көп қаралған, көрермендерінің көңілінде қалған "Белый шаман" көркем фильмі еді. Басты рөлде Есболған ойнап, ел есінде, жадында сол бейнемен сақталды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

349

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз