+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Күй-ғұмыр: Нұрғиса Тілендиев феномені

  • 22.11.2015

Бір күні шөптің үстінде домбыра тартып отырған Нұрғисаны: «Әй, бала, бері кел» деп, үйге келген қонақ шақырып алды. Сөйтсе, композитор Ахмет Жұбанов екен. Ол кісі баланың өнерге бейім екенін байқап:  «сен бала Алматыдағы музыка мектебіне кел» деп, ата-аналарына баланың құжаттарын жөндеп әкелуін қадағалап тапсырды. 1937 жылы он екі жасында Нұрғиса домбырашылар оркестріне қабылданды. Ол кезде оркестрді Латиф Хамиди басқаратын. Латекең Нұрғисаның биге қабілеттілігін байқап, ән-би ансамбліне жібереді. Ол кезде дайындық «Қазақконцерттің» ауласында өтетін.  Атақты Әбікен Хасенов күй тартады, жастар би билейді. Үзіліс кезінде Нұрғиса Әбікеннің домбырасын қолына алып, әлгі орындаған күйлерді бірінен соң бірін тартқанда Әбікен халық суретшісі Әубәкір Смайыловқа: «Әбеке, мына баланың бағын байлама, оркестрге жібер» деген екен. Содан Нұрағаң  Ахмет Жұбановтың радионың жанынан құрған оркестрінде 1943 жылдың қаңтарына дейін қызмет етеді де сол жерден майданға аттанады.

 

Атақты композитордың  өмірбаяны туралы қызықты мәліметтер «Ғылыми кеңес» бағдарламасында да әсерлі айтылып, тартымды шыққан. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ғылыми кеңес»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз