+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"МЕНІҢ ҚЫЗЫМ БОЛАСЫҢ..."


«– 1957 жылы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектепте оныншы сыныпта оқып жүргенде сол мектепке Қазақ Мемлекеттік университетінен өндірістік тәжірибеге өтуге студенттер келді. Олардың ішінде Қадыр ағаларың да бар еді. Ол кісінің мамандығы филолог екен, бізге әдебиеттен сабақ беретін болды. Университетті жаңа бітірген жап-жас жігіт класқа келіп  бізбен танысты. Әрбір оқушының фамилиясын атап, өздерімен танысып жатыр. Содан бір уақытта «Қадырова кім?» деп сұрады. Ол менің фамилиям болатын. «Мен» деп едім, ол кісі күлді де: «Бүгіннен бастап сен менің қызым боласың», – деді. Содан мәселе басталды. Онда интернатта жататынбыз, кілең жартылай немесе тұлдыр жетімдер едік. Жоқшылық заман, қиын кезең. Кешке асханадан тамақтанып болып жатақханаға барамыз. Сағат жеті жарым мен сегіздің ортасында күн сайын бозбала Қадыр келіп тұратын жатақханаға. Сонда біздегі қыздар «Аға, кімге келдіңіз?», – деп сұраса, ол кісі әлгі қыздарға әзілдеп: «Менің қызым қыдырып кеткен жоқ па, соны тексеріп келдім», – дейді екен.»

 

Салтанат  Мырзалиева ақынның жары 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

480

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз