+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қырағы Қадекең


 «Атамның 7000-ға жуық кітабын, портреттерін, медальдарын және атамызға тиесілі заттарды Оралға жібердік. 1000-ға жуық кітаптарын үйге естелік ретінде әрі балалар оқиды деп алып қалдық.

– Қадыр Мырзалиев кітаптарына өте сақ, ел қайтармай қоюы мүмкін деп тіпті оқуға да бермейді деген сөзді жиі естиміз. Бұл қаншалықты рас?

Иә, кітаптарын қайтармай қойған адамдар бар екен, бірақ, кейінгі кезде кім алғанын өзі де ұмытып қалған сияқты. Жазып жүрген блокнотын жоғалтып алыпты. Байқағаным, том-том қылып жинаған кітаптарының қазір кейбірі жетіспейді. Өзі де «Кітаптарымның көбісін жұрт алып алды да қайтармады, кім екенін ұмытып та қалдым ғой» деп ренжіп жүретін. Бермейін десе, жоғарыда айтып өткенімдей адамдардың көңілін қимайтын. Үйге келген кісілерді қапсыра құшақтап, қалталарын тексеріп, кітабымды алып кетіп бара жатқан жоқ па деген күдікпен шығарып салатын (күліп). Әрине, ер адамдар қойын-қолтығына кітаптарын айтпай тығып ап кетіп бара ма деп ойлайтын.

 

Келіні Бақытгүл Мырзалиеваның естелігінен

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

376

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз