+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Құрманғазы қай консерваторияны бітірді екен?....»


Шәмші бала кезінен әкесінің әперген патифонынан Күләш Байсейітованың  жүрек толқытып, сезім тербейтін күміс дауысын тыңдап, жаны жадырады. Қолына мандолинасын алып сол әуенге ілесті. Естіген сайын бойы балқыды.  Сөйтіп, Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін мектеппен қоштасу кешінде мандолинамен орындап, ауылдастарының алдында мерейі өсті.

 

Шәмші бірден өнер жолына түскен жоқ. Әуелі Қапланбектегі зооветтехникумды бітірсе, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы  Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде оқыған. Әлдебір себептермен  Шәмші диплом ала алмай қалғандықтан өмірінің соңына дейін әуесқой сазгерлер қатарында жүрді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

306

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз