+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ХАЛЫҚТЫҢ ШӘМШІСІ БОЛҒАНЫММЕН, ҚАЛДАЯҚТЫҢ БАЛАСЫМЫН...»


 

Шәміл-ау!

Шәмші кайда?

Шәмші қайда?

Шәмшіге айт,

Тағы да бір таңдандырсын,

Жындандырсын жүректі, жандандырсын!

Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер,

Мәңгілік өлмей туғын ән қалдырсын!

Өлмейтін өнерге өзіндік сүрлеу салған Шәмшінің тіршілікте қарапайым болғаны өзгелерге өнеге болса екен. «Мен Шәмшімін»,- деген сөз  парасатты Шәкеңнің ешқашан тіліне оралмаған. Арлы адам төсін қағып, ондай арзан абыройға бармайды. Беделімен билікті тізерлеп баспайды. Тілін бағады, сол арқылы беделін сақтайды. Таланттарды жазбай танидын қасиет кез-келген адамның бақытына бұйырмаған бақ, бақшасында піспейтін жеміс.Әкесі Қалдаяқ қайтыс болып, бейіт басын қарайтқанда Шалатай Мырзахметовке келіп шаруа айтыпты. Сөйтсе, цемент жетіңкіремей қалып, зиратты аяқтауға мүмкіндік болмаған. Жұмысшы киіммен келіп, аз-кем цементті сыпайылап сұрауының өзі Шәмшінің қарапайымдығын көрсетеді. «Аға, асар жасап, үме үйымдастырып өзіміз -ақ көтеріп тастар едік қой хабарласқаныңызда»,-деп айтқан Шалатайдың сөзіне «мен халықтың Шәмшісі болғаныммен, Қалдаяқтың баласымын. Қисық өрсем де, маңдайымнан тер шығып соңғы перзенттік парызымды орындауым  керек деген»,- ұлағатты сөзінің өзі не тұрады?!     

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

325

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз