+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЛАШҚА ҚАМҚОР БОЛҒАН АТЫМТАЙ ЖОМАРТ....


Тарихта 1899 жылы 3-кластық Мамания мектебін ашқан Маман Тұрысбек әулетінің кенжесі Есенқұл қажы 1913 жылы роман бәйгесін жариялайды. Оған 2 мың сом ақша тіккен. Ол бәйгені «Қамар сұлу» романына Сұлтанмахмұт Торайғыров пен «Қыз көрелік» шығарамасы Тайыр Жомартбаев алғанын бәрімізге белгілі.Бәйгеге сегіз роман түскен. Бәйге құны қазіргі ақшамен ол 33 миллион теңгенің арғы-бергі жағындағы қомақты ақша.

 

Қазақ тарихында  Маман дейтін ауқатты қазақ  "Мамания" мектебін 1899 жылы салдырған. Маманның Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл деген балалары және Тәңірберген, Құдайберген деген немерелері әкелерінің ісін жалғап, 25 жыл бойы 8 сыныптық мектепті өз қаржыларымен ұстаған, балаларды тегін окытып, киіндіріп, тамақтандырған. Онда 60 орыңдық интернат, қыздардың тігін шеберханасы, монша болған. Мектепте математика, физика, география, орыс тілі, араб тілі пәндері оқытылған. Құран сабақтары берілген. Мұғалімдерге үй салып беріп, жалақыларын да Маман балалары өз қалталарынан төлеп отырған. Жақсы оқыған шәкірттерді алыстағы Петербор, Орынбор, Уфа қалаларында стипендияларын беріп, оқытып шығарған.  "Мамания" мектебі шәкірттерінің ішінде қазақтың атақты ақыны Ілияс Жансүгіров, алташқы қазақ инженері, белгілі тарихшы — Мұхаметжан Тынышбаев, көрнекті ағартушы — Біләл Сүлеев, "Алаш" партиясының бағдарламасы мен жарғысын алғаш жазған — Барлыбек Сырттанов т.б. бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

626

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз