+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АДАЛДЫҚ ПЕН САТҚЫНДЫҚТЫҢ АРАСЫ....


Тарихта болмысымен есте қалған бір тұлға бар. Ол- әдебиеттанушы, ғалым Бисенбай Кенжебаев. Кеңес дәуірінде Сұлтанмахмұт шығармаларын насихаттағаны үшін қызметтен қуылды, «ұлтшыл ақынның адвокаты» деген айып тағылды. Облыстық басылымдағы бас редакторлықтан кетті. Жұмыссыз қалды. Сол кезде ғалым ағамыз жазушы Сәбит  Мұқанов секілді жалт бұрылмай, қоңырқай тіршілік жасап, кітабын сатып күн көрді. Небір азапты күндерді бастан кешті. Алайда,Сұлтанмахмұттың шығармашылығына деген адалдығын сақтап қалды. Қандай нәубет келсе де бір-бірлеріне адал болған Жүсіпбек пен Сұлтанмахмұттың шынайы достықтары, сыйластықтары өз алдына зерттелетін тақырып, айтылатын әңгіме. Иә, бірі атылып кетті, бір дерттен көз жұмды. Солай бола тұра азаматтық бейнелерін сақтап, тарихта қалды.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

373

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз