+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Мәңгілік ел мұрасы


«Телеарналар не болып кеткен? Сырты жылтыр, іші қуыс бағдарламаларға әбден толып болыпты. Рух жоқ, өнеге жоқ, тарихтан тағылым алар тұщымды хабарлар неге жоқ?  Оны бойына сіңірмеген жастардан не күтеміз? Шоу дегені аты ғана. Өңкей  беті-аузын әлеміштеп бояп алған қыздарды, желөкпе жігіттердің қылтың-сылтың жасанды қалжыңдары қаптап кеткен». Мені осы сауалдармен қоса өкпе-назымен  төмпешеп алды да «соны көріп жүрегім аурады»,- деп аптығын басты. Алғаш танысқан кезімде сол болатын. Бұл қазақтың өнеріне, төл әдебиетіне іші ашып, жүрегіндегі сөзін айтып тұрған жерлес апам (құжат бойынша Эльмира) Елмұра Жаңабергенова еді. Туған бауырдай содан кейін араласып кеттік. Жерлестер бас қосса сол ортадан табыламыз. Сол апамның телеарна мұрағатын ақтарып отырып, жыр-термелерін тауып алдым. Тыңдар құлақ болса, термеден тағылым алар дүние жетерлік!  

 

25 желтоқсанда сағат 19.00 де «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін Елмұраның концертіне келіңіздер. Есік ашық, кіру тегін.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

302

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз