+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Өзекті өртеген өкініш


Қазақ тілі туралы қанша газеттің бетін шимайлап, қағаз бен қаламның обалына қалғаннан басқа бітіргеніміз шамалы. Ана тілі тәуелсіздік алғалы бері, ғылымның тіліне айналмады. Дастархан басындағы, отбасы, ошақ қасындағы аяда әлі шиырлап жүр. Ондай тіл кімге керек? Мәселен, мектеп бітіргелі жүрген оқушы  ай-ти технолог, кардиохирург, нейрохирург, химик  секілді мамандық игеретін  болса, кешіріңіз қазақ тілі әдірем қалады. Неге? Өйткені, әлі күнге ғылыми терминдердің  нақты қабылданған нұсқасы жоқ. Шашыраңқы. Орыстың бір ғана «настойка» деген сөзін тұндырма, тұндырғыш, шөгінді, шөкпе  секілді сан алуан баламамен аударылған. Осыдан кейін сорлы студент  нақты ғылым игерумен айналыса ма жоқ әлде сан түрлі қазақ тіліндегі  баламасын жаттаумен жүре ме?! Компьютердің түрлі платасы мен жіпши иірілген сан сымын қазақша баламасы қайсы еді деп басы қатып отырады. Ол білім бе? Компьютердің «мышкасына» талай ғалым бас қатырып, ең соңында Қытай қазақтары қолданып жүрген «тінтуір» деген атауды жамап, бір айласын асырды. Ал енді сол күрделі жабдықтардың ішіне кіріп көріңіз!

Иә, мін мен сын айтуға келгенде алдымызға  жан салмаймыз. Мен де өз тілімнің кемістігін айтып, арзан ұпай жинауға құлықты емеспін. Қанша жастың, болашақтың обалына қалатынымызға ішім ашиды, жаным күйеді.  Ғылыми-салалық терминдерді тура аударып мемлекеттік ресми тұрғыда бекітетін  мерзім әлдеқашан жетті.    

 

Нұрлан Соңғыбайұлы 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

505

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз