+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Саусақ сынбаса, әдемі ән шықпас еді...»


– Белгiлi сазгер Ержан Белғозиев – Сiздiң күйеубалаңыз. Екi жас бiрiн-бiрi өздерi тапты ма, əлде ептi жеңгейлер араға түсiп, араласты ма?

– Олар бiр-бiрiн өздерi тауыпты. Бiр күнi қызым Ержан-ды ертiп келiп, бiзге таныстырды. Ол кезде əлi сазгер емес едi. Негiзi, оның мамандығы – құрылысшы-инженер. Бiрақ сол кездiң өзiнде гитараны жақсы тартатын. Сөйтiп жүрiп əн шығарды. Алғашқы «Бауырды сағыну» деген əнiне мəтiндi мен жазып бердiм. Ол бiр ғаламат дүние болып шықты. Сосын мен: «Шырағым, əн туса, маған айт, сөзiн жазып берiп тұрайын. Немесе менiң жинақтарымды оқып көр. Бəлкiм, соның iшiнен сенiң көңiлiңнен шығатын өлеңдер табылып қалар» дедiм. Мысалы, «Ғашық жүрек қайда апарып соғасың?» деген əнiнiң мəтiнiн менiң кiтабымнан алып жазған. Кейде өзi келiп: «Аға, мен əн жазып едiм» дейдi. Ол менi «Аға» деп атайды. Сосын екеумiз түннiң бiр уағына дейiн отырып, əн жазамыз. Көбiне ол мен төсекке жатар кезде келедi. Өз балаң болса, қуып жiбересiң ғой. Қанша дегенмен күйеубалаң. Мұхаммед пайғамбар да күйеубаласын сыйлаған емес пе?!

Тұманбай Молдағалиев

 

Бұл өлеңнің шығу тарихына қатысты Ержан Белғозиевтің сұхбаты бейнеүзіндіде

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

295

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз