+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚЫЗДАН ҚАЛҒАН ӨКПЕ-НАЗ.....


Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамасты,- деп өлеңмен өре өрген Міржақып Дулатовтың осы сөзі ғасыр бұрын айтылған екен-ау!  Бір ғасыр өтті арада, не өзгерді? Жерің анау, биіктегілер «тек жалға береміз» деп өзгеге жарымсақтанады. Дінің анау - дүдамал, шолақ балақ, қаба сақал көшеңде өріп жүр. Хәлдің жағдайын менен артық білесіз. Сөйте тұра, қазақ үшін газет шығарған, «Бақытсыз Жамал» атты алғаш роман жазған, «Есеп құралы» деп мектепке оқулық жазған Міржақыптың да қадірін білмей қор болдық. Қызы Гүлнардың ішінде осы орайда  бір уыс шөңге, қазандай өкпе кетті.      

1989 жылы Міржақып Дулатовтың сүйегі Карелиядан табылып, қызы Гүлнар Дулатовның бастамасымен 1992 жылы Қазақстанға, туған жері Торғай даласына әкеліп жерленді.«Миллиондаған жазықсыз жазаланған боздақтарымыздың сүйектері әр жерде шашылып, не құпия көміліп қалған жандарды ойлағанда жанымыз күйіп, қабырғамыз қайысады. Солардың ішінен жалғыз Міржақыптың сүйегі табылғанда қазақ халқының қол қуысырып қарап отырғаны ақылға сия ма? Қазағының сілкініп оянуын көксеп кеткен Міржақып Карелияда қала беруі керек пе? Несін жасырайын, бұл істі мемлекет  тұрғысынан  қолға алар деген ниетпен республика басшыларының  атына хат жаздым. Жауап күтуімен біраз уақыт өтті, нәтиже шықпаған соң «алдарынан өттім, енді маған кінә таға қоймас» деген ойға келдім»,- деп жазады ол әкесі Міржақып Дулатовтың сүйегін Карелиядан алдыру қарсаңында.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

321

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз