+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Оян, қазақ!


Алаш зиялылары қоғамдық-саяси күрестермен ғана шұғылданып қоймай ұлттың ақыл-ойын жаңа сапаға көтеруге өлшеусіз үлес қосты, ол үшін жас ұрпақтың санасына білім дәнін септі, мектептер ашты, түрлі ғылым саласында оқулылықтар жазды. Ә.Бөкейханов астрономия мен жағрафия, М.Жұмабаев педагогика, Х.Досмұхамедов анатомия мен зоология, Ж.Аймауытов психология мен дидактика, А.Байтұрсынов, Е.Омаров, Н.Төреқұлов тіл білімі, М.Әуезов әдебиет саласына қалам тербесе, М.Дулатов, С.Қожанов, Ә.Ермеков математикаға ден қойған, Ф.Ғалымжанов – физика‚ Б.Сәрсенов – геометрия, И.Тұрғанбаев – арифметика, Қ.Кемеңгерұлы – жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтарды қазақ тіліне аударған.Т.Шонанов та тәржімашы ретінде көрнекті жұмыстар атқарды. Ол А.Богдановтың «Курс политэкономии» деген кітабын 1924 жылы қазақша шығарып, оқушыларға пән терминін түсіндіру мақсатында аудармаға тұңғыш орысша-қазақша сөздігін қоса берген деген дерек бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

272

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз