+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Дулатов көрген дүрбелең


Қазақ, қырғыз, өзбек секілді халықтардан майдан жұмысына адамдар алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы қазақ даласына шілде айының орта тұсына қарай келіп жетті. М.Дулатов айтқандай, «жұрт сеңдей соғылды. Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды. «Әне келеді, міне жетеді» деп өлім жазасына бұйырылған үкімнің орнына келуін күткен тұтқындай болып жүрді». Қарапайым халыққа әсіресе ауыр тигені «қазақтарды окоп қазу жұмысына алады екен» деген сөз еді. Оларға бораған оқ ортасында жер қазу, ажал аузына өз аяғымен барумен бірдей көрінген еді. Қазақ зиялыларының алдын ала айтқаны дәл келді. Тізім жасаушы адамдар халыққа патша жарлығы мен губернаторлар үндеуінің мазмұнын жеткізудің орнына, көп жағдайда қорқыту-үркіту әдістерін қолданды. Онсыз да үрейлі жұрт үкімет адамдарына сенуден қалды, күн санап наразылық артты. Бір жағынан, әскерге адам бермеймін деп қарапайым халық көтерілсе, екінші жағынан, қайтсем де аламын деп үкімет орындары күшке көшуге дайындалып жатты. Ақтөбе қаласында өткен митингіде сөйлеген Торғай облысының вице-губернато­ры «Бірде-бір қырғыз тірі қалмаса да, патша бұйрығы орындалатын болады», — деп сес көрсетті. Міржақып Дулатовтың ғұмыр жолы мен шығармашылығы туралы 11 желтоқсан, 22.00 «Білім және мәдениет» телеарнасында көре аласыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

433

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз