+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЕКІ ЖҮРЕК - БІР ТАҒДЫР.....

  • 12.12.2015

Жүсіпбек Елебеков пен Хабиба Елебекованың танысып, табысуы да қызық. Қарқаралы қаласында жұмысшы-шаруа театры ашылады. Оны «Қоңыр клуб» деп атаған. Онда Әміре, Майра, Қажымұқан, Иса Байзақовтар өнер көрсеткен. 1935 жылы Жүсіпбек Елебеков пен Қалибек Қуанышбаев екеуі концерт қойған. Бұл уақытта Хабиба апамыздың ата-ана, бауырлары ашаршылықтан қырылып қалған екен.Туған-туыстарынан айырылған Хабиба клубқа әнші болып жұмысқа орналасады. Ол кезде жасы небәрі он алтыда екен. Қалибек Хабибаны көре сала Жүсіпбекке ыңғайлайды. Ол кезде Жүсіпбектің жасы отыздан асқан, ақыл тоқтатқан. Бастапқыда Хабиба апамыз көнбейді. Бірақ қулықпен іштей: «Қарқаралыдан Семейге жетіп алып, туыстарымды тауып аламын. Содан ары қарай оқып, адам болып кетермін», – деп ойлайды. Алматыға Семей арқылы келіп, жолдан қалып қоюды жоспарлайды. Бұл ойынан құрбысы Лағалия қайтарыпты. «Мынадай азаматтың етегінен ұстасаң қор болмайсың»дегесін, Хабиба райынан қайтып, сол жолы Елебековпен Алматыға ере келіпті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір. Театр. Кино»

Loading...

1 comment

  • Сейсенбі, 28 Маусым 2016 01:14 қаңғыбас

    Жүсіпбек Елебекеов баласындай қызға қалай үйленді, арсыз қақпас, жетім қызды жоқтаушысы жоқ деп басынғаны ғой

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз