+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ғасырлар куәсі

  • 16.12.2015

1389, 1391, 1394, 1395 жылдары көптеген қантөгісті шайқастарда Темір (Темірлан) Алтын орданы талқандап, оның астанасы Сарайберкті өртеп жібереді. Осы жеңістің құрметіне қолбасшы сол кезде әбден тозығы жеткен Ахмет Яссауидің ескі кесенесінің орнына жаңа, орасан зор мемориалды кешен салуға шешім қабылдайды. Бұл шешімді қабылдағанда Темір діни сенімдерді ғана басшылыққа алған жоқ. Кесене салуға бұйрық бере отырып Темір бір жағынан ұлы уағызшыға құрмет білдіргісі келсе, екінші жағынан жаулап алған аймақтарда дала көшпенділерінің арасында абыройын көтеру арқылы өз билігін күшейткісі келді. Кесене құрылысы жөніндегі жазба дереккөзі «Жеңіс кітабы» ("Зафар-наме") болып табылады. Тарихшылардың айтуынша Темір кесене жобасына өзі қатысты. Ол ғимараттың негізгі өлшемдерін, атап айтқанда үлкен күмбездің диаметрін өзі айқындап берген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ұлы дала елі»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз