+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Өтеген батыр

  • 17.12.2015

Өтеген  батыр - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. 1699 жылы Шу өзенінің бойындағы Изенді өңірінде дүниеге келіп,1773 жылы Іле өзенінің бойындағы Шолақтау, Шеңгелді өңірінде көз жұмған. Бабасы Сырымбет 1643 жылы Батыр қонтайшының 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқан. Өтеген 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан. Қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз