+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СӘБИТТІҢ САТҚЫНДЫҒЫ........


«1937 жыл. Әкем Бейімбетті қамап әкетіп түрмеге тықты. Шешем әкеммен жолығысуға барғанда папам айтыпты: «Гүлжамал, бір өтініш бар. Соны орында. Ұлдың аты ұл ғой. Ендігі келгенде екі қызымды ала келші» деген екен. «Жарайды» депті мамам.Шешем осыны айтып келгенде қатты қуандым. «Папама барамыз. Папамды көреміз» деп шаттандық. Ол кезде қаннен-қаперсіз өсіп келе жатқан бала едік қой. Менің нешеде екенімді әлгінде айттым. Мереке он бірде, Еділ алтыда, кішкентай Гүлсім екі жаста ғана болатын.Тамағын алдық. Гүлсімді көтеріп бардық. Бір қазақ сақшы шешеме: «Күте тұрыңыз. Қазір жүздестіреміз» деді. Рас па өтірік пе деймін. Жүрек алып ұшады. «Шынымен папамды көрем бе екен?!». Бір уақытта сыртқы есіктен Сәбит Мұқанов кірді. Бірден таныдым. Біздің үйге талай келген. Оның үстіне ол кісінің Арыстан деген баласымен бір класта оқығам. Сәбит аға бізді көрмеген болып өтіп кетті. «Неге өйтті екен?» деймін ішімнен. Біз тұрмыз. Біраздан соң Сәбит кетіп қалды. Әлден кейін сақшы келіп: «Кездесу болмайтын болды» деді. Шешем еңіреп қоя берді. Оған мен қосылдым. Сөйтіп, көз жасымызды көл етіп үйге қайттық.

1938 жылғы ақпанның аяқ кезі болуы керек. Шешем үйге жылап келді. Әкеммен кездесуге барған екен. Ұлықсат бермепті. Қолында әкемнің сұр жадағайы. Сол күздік пальтоны құшақтап еңіреп қоя бердім. «Папамның пальтосы ғой. Өзі қайда?» деймін. «Жетім болдыңдар. Енді папаларың жоқ» деді шешем.

 

Бейімбет Майлинның қызы Рәзияның естелігінен.......

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

5372

5 comments

  • Сейсенбі, 21 Маусым 2016 22:59 Еркiн

    Кайран менин бабаларым ай, неге сонша казакка казак кас болган заман болды екен???

  • Дүйсенбі, 20 Маусым 2016 12:57 Cәбит Шілдебай

    Бұл өте қате пікір. Сәбит Мұқанов ешқашан ондай сатқындық жасаған жоқ. Жаппай қуғын-сүргін процесі Сәбит Мұқановсы-ақ 1937 жылы 27 апрельде Мәскеуде басталып, 1937 жылдың жазында Қазақстанға жетті.

  • Дүйсенбі, 20 Маусым 2016 12:53 Зәкіржан

    Гүлжамал апаның әңгімелерін кеңрек бергенде ғой. Сәбиттің сатқындығы туралы бұрын да естігем. Масқара ғой. Бейімбетпен өшіккені сұмдық емес пе? Қазақтың ендігі ұрпағын құдай ақылдырақ еткей! Зұлмат қайтып келмегей! - деп тілегеннен басқа не амал бар бізде?..

  • Дүйсенбі, 20 Маусым 2016 02:22 Серік

    Құдіреті күшті Алла тағалам қасиеті айда қазақ деп кеткен аға-аталарымыздың,апа-әжелеріміздің жанын жәнәта,жатқан жерін кеңде, жарық қылғай
    ӘУМИН

  • Жексенбі, 19 Маусым 2016 09:47 Өтен Ахмет

    Ойланыңыздар. Бұл деректе өкпе бар, бірақ Сәбитті қаралауға негіз бола алмайды. Осындай контекстен жұлып алған сөздерді жариялап жас ұрпақтың миын шіріту кімге керек. Қазақты адастыра түсудің әдейі таңдалған шайтандық жолы емес пе?

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз