+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Білім және Мәдениет» арнасы мұражай құпияларын ашпақ

  • 14.12.2015

«Білім және Мәдениет» арнасында «Музей құпиялары» тележобасы басталды.

 

Бұл бағдарлама еліміздің барлық өңірлеріндегі танымал және халық көп біле бермейтін музейлер мен олардың ішіндегі экспонаттардың шығу тарихы жайлы баяндайды.

 

Отпен арпалысып опат болған өрт сөндірушінің киімі, өткен ғасырдың басындағы милиционердің қызметтік дәптері немесе көне құмыра. Бұл заттардың барлығы бүгінде мұражай экспонаттарына айналған. «Білім және Мәдениет» арнасының түсірілім тобы өз көрермендеріне бұл дүниелерді басқа қырынан көрсетуді жөн көрді.

 

Әлия Баймұхамедова, продюсер:

- Біз бұл бағдарламада екпінді мұражайдың өзіне жасап отырған жоқпыз. Біз осындағы экспонаттар, олардың тарихы жайлы айтамыз. Бұл бұйымдар кезінде белгілі бір адамдардың меншігінде болған. Енді біз осы заттар арқылы сол тұлғалардың өмірінде болған қызықты оқиғалар жайлы баяндаймыз.

 

Мұражайлар туралы мұндай жоба отандық арналардың эфирінде бұрын-соңды болмаған. Продюсерлер әр бағдарламаны түсіру үшін кәсіби әртістерді шақырады. Авторлар көрермендерге болған оқиғаның терең мән-мағынасын көрсету үшін кино жанрының элементтерін қолданған.

 

Камиль Галиев, тележүргізуші:

- Бұл – деректі-қойылымдық жоба. Біз тек мұражайлар мен экспонаттардың тарихы жайлы айтып қана қоймай, көрермендерімізге динамикалық сюжеттерді көрсетеміз. Монтажды өте кәсіби мамандар жасайды. Менің ойымша, бағдарламамызды көріп отырған ешбір адам басқа арнаға ауыспайды.

 

«Мұражай құпиялары» – Қазақстанның медиакеңістігіндегі бірегей жоба. Әр бағдарламаның ұзақтығы 20 минуттан. Әр дүйсенбі күні сағат 20.35-те «Білім және Мәдениет» арнасынан осы жаңа шығарылымдарды көріңіздер.

 

Авторлары: Дариға Ташенова, Дәурен Жұрхабаев

 

24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: БАҚ біз туралы

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз