+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Белгісіз Қазақстан» жобасы дархан даланың құпиясын ашады

  • 24.11.2015

«Білім және Мәдениет» телеарнасында «Белгісіз Қазақстан» деректі фильмдер топтамасы өз жалғасын табуда. Еліміздің беймәлім аймақтарын зерттеп, қазақ даласының құпиясын ашу арқылы оны өзге қырынан көрсету – басты мақсат.

 

Ұлан ғайыр жеріміздің зерттелмеген тұстарын қалың жұртқа жаңа көзқараспен, өзге қырынан көрсетуді мақсат еткен «Белгісіз Қазақстан» бағдарламасы өз жалғасын табуда.

 

«Білім және Мәдениет» арнасынан екі айға жуық көрсетіліп келе жатқан деректі фильмдер топтамасы төрт кезеңнен тұрады. Түсірілімнің алғашқы екі циклы спилиолог, археолог мамандардың зерттеулеріне арналса, кезекті топтамада көрермендер елорданың көлеңкеде қалған белгісіз тұстарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

 

Даниил Глумов, продюсер, жоба редакторы:

 

- Астана туралы фильмдер циклында біз бұдан бұрын көгілдір экранда жарық көрмеген тың дүниелерді ұсынуға тырыстық. Барынша жаңа деректерді жинадық. Ғалымдардың зерттеулерінен, туристердің көрген-білгендерінен, тіпті әлеуметтік желілерден табылған ақпараттарды саралап, барынша жаңа топтама жасадық.

 

Дархан даланың құпиясын жаңа қырынан көрсету – жобаның басты мақсаты. Түсіру тобы көне тарихи орындарды аралаумен ғана шектелмейді. Олар еліміздің шежірелі аймақтарын аралап, биік шыңдарын да бағындырмақ.

 

Даниил Глумов, продюсер, жоба редакторы:

 

- Батыс елдерде туризм өте дамыған. Адамдар тауға шығып, өзен-көлдерін жай ғана арқасына сөмкесін іліп алып аралап жүреді. Өкінішке орай, бізде ондай мәдениет әлі қалыптаспаған. Осыған орай, түсірілім тобы жұртқа барынша қызық әрі зерттелмеген аймақтарды көрсетуге тырысты. Бұдан кейін қазақстандықтардың қызығушылығы арта түседі деген ойдамыз.

 

Елорда жайындағы деректі фильмдер топтамасы көрермен назарына желтоқсанның 5-інен бастап ұсынылады.

 

Айта кетейік, «Белгісіз Қазақстан» бағдарламасы әр сенбі сайын сағат 12:00-де «Білім және Мәдениет» арнасында көрсетіледі.

 

Авторлары: Жұрағат Баман, Бекболат Базаров

 

khabar.kz




Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: БАҚ біз туралы

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз