+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Бәйтерек» зияткерлік шоуы ұрпақ тәрбиесіне ықпал етуді көздейді

  • 10.12.2015

Кез келген мемлекеттің болашағы зиялы азаматтардың қолында.

 

Жан-жақты білімді жастардың деңгейін өзгелерге үлгі ете отырып, өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпал етуді көздеген «Бәйтерек» зияткерлік шоуын «Білім және Мәдениет» телеарнасынан көре аласыздар. Жаңа жоба қазақ және орыс тілінде болмақ.

 

Қазақстанның әр өңірінде зияткерлер клубы бар. «Бәйтерек» жобасы солардың басын біріктіріп отыр. Білім сайысына кәмелетке толғандардың барлығы қатыса алады. Іріктеу сыны әлеуметтік желілер арқылы және аймақтардағы зияткерлер клубтарының көмегімен өтеді.

 

Ержан Жұмабек, «Бәйтерек» зияткерлік шоуының жүргізушісі:

 

- Тек қана Қазақстанның деңгейінде ғана емес, әлемдік деңгейде деп нық айта аламын. Себебі сұрақтар әрбір елден, әрбір мемлекетте жүрген қандастарымыз тарапынан да түсіп жатыр.

 

«Бәйтерек» шоуында сұрақтар әртүрлі саланы қамтиды. Айлық, маусымдық және жылдық ойындар болады. Ұйымдастырушылар бұл бағдарламаға қатысам деушілердің қатары көп екенін айтады.

 

Жанар Адамбаева, «Бәйтерек» зияткерлік шоуының продюсері:

 

- Қазақстанның әр қаласында, әр облысында, Астанада, Алматыда зияткерлерді жинаған арнайы клубтар бар. Солармен бірге ақылдасып отырып, Қазақстанда бірінші болып, зияткерлерге арналған телевизиялық клуб ұйымдастырып отырмыз.

 

Бағдарлама сенбі және жексенбі күндері сағат 18:00-де «Білім және Мәдениет» телеарнасында көрсетіледі.

 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

 

24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: БАҚ біз туралы

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз