+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ұлт ұлыларының құпиясы туралы жаңа жоба

  • 13.11.2015

«Білім және мәдениет» арнасында жаңа жоба.

 

Журналист Майя Бекбаеваның «Тайны и судьбы Великих казахов» атты деректі фильмдер циклы көрерменге жол тартпақ. Ұлттың ұлы ұлдары. Қазақтың жыртысын жыртып, бозторғайша шырылдап өткен арыстарымыз туралы жаңа жоба жарыққа шықпақ. Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов секілді біртуар ағартушылардың бүгінге дейін білмей келген құпиялары ашылмақ. Мұрағаттардан көпшілікке беймәлім болған тың деректер табылды. Деректі фильмнің жетекшісі, жүргізуші, танымал журналист – Мая Бекбаева.

 

Майя Бекбаева, журналист:

 

- Біздің мектеп оқулықтарында тарихта атын қалдырған тұлғалар туралы көп мәлімет берілмеген. Бұл жобаның міндеті – барынша қызықты, жаңа қырынан қазақ арыстарын көрсету арқылы жастарымыздың тарихқа деген қызығушылығын ояту.

 

Қазақстанның ұлттық мұрағаты кезінде КГБ-да құпия сақталған сан түрлі құжаттармен толығуда. Олардың арасында арыстарымызға қатысты деректер де жетерлік. Бұл бағдарлама бұқараны соны ақпараттармен сусындатады.

 

Марат Әбсеметов, ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры:

 

- Қазақстандықтарға, біздің елімізге осы ұлы адамдардың өмірі өте қажет. Олардың өжеттілігі мен кешегі Абылайдың, Кенесараның заманында, 1937 жылы репрессияда кеткен асыл ағаларымыз туралы мағлұматтарды білу парыз.

 

Бағдарламаның ұзақтығы – 1 сағат. Осы уақыт ішінде қалың көрермен ұлы тұлғалардың тауқыметті тағдырына қанығады. Алғашқы шығарылым 18 қараша күні «Білім және мәдениет» арнасынан көрсетіледі.

 

Авторлары: Асқарбек Қазанғап, Ерлан Наурызбаев, Жандос Битабаров

 

24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: БАҚ біз туралы

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз