+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА АЛҒАШ КЕЛГЕН СКРИПКА....


-Алло, Айман Қожабекқызы, саламатсыз ба!

-Саламатсыз. Айта беріңіз.

-Хабар агентігінен боламыз. Сізді Жаяу Мұсаның скрипкасының іздеп осыдан бірнеше жыл бұрын Баянауылға барды деп естідік. Сол рас па?

-Рас. Іздедім, алайда табылмады. Негізі Жаяу Мұсаның скрипкасына байланысты сұхбат алатын болсаңыздар ертең сағат 18.00 де келіңіздер.

-Міндетті түрде барамыз.

 

Бұл менің қыс ортасы қаңтарда Ұлттық музыка академиясының ректоры Айман Мұсақожаевамен   телефонмен келісуімнің  басы еді. Алайда, ертеңіне барамыз деп отырғанда  өнер университетінде екі студент бір-бірімен төбелесіп, бірі комаға түсіп, ректордың қабылдау бөлмесіне әлгі студентің ата-анасы келіп, оқытушылар жиналып әлектеніп жатқанда ректор көмекшісінен «бір аптадан кейін келсін, осы жағдайға байланысты жиынды аяқтап, шетелге жолсапарға шығып кетемін» деп сәлемдеме айтыпты. Өкінішке орай, атақты скрипачканың шетелден келуін тосуға бізде де уақыт болмады.

Анығы Жаяу Мұса Еуропадан бір емес екі сприпка әкелген. Польшада жүрген кезінде скрипка тартуды жақсы меңгеріп алған. Тіпті, кей әндерін скрипкада орындаған. Қызығы сол, Шорман балаларының арызымен  түрмеге түскен  Жаяу Мұса Патшаның атына хат жазып, Черняевтың жаяу отрядына сарбаз болуға сұранған. Сол кезде жазалаушы отрядқа қосылған айыптылар түрмеден босатылады деген заң бар екен.Сөйтіп, Жаяу Мұса Латвия, Литва, Польшаны шарлаған. Сол Польшада музыкаға құмар бір қыз Мұсаны скрипкаға үйретіпті. 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

618

1 comment

  • Сенбі, 02 Қаңтар 2016 14:54 Қуаныш

    Осы фильмнің сілтемесін жібере аласыздар ма?

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз