+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Ұлы дала батырлары» жобасы ел тұлғаларын насихаттайды

  • 15.12.2015

Батыр болып тумайды, батыр өмір сүрген ортасында шыңдалады. «Білім және мәдениет» арнасындағы «Ұлы дала батырлары» жобасы ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен батырлар туралы айтылады.

 

Кең байтақ жер, құтты қоныс, ата мекенді ұлы жорықтарда білекің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған батырлардың ерлігін бір ізге түсіріп, аңыз бен ақиқат аражігін ашып көрестуді мақсат еткен жобаның алғашқы шығарылымы Наурызбай батырға арналды. Әр бағдарламада шығармашылық топ батырлардың ерлігін насихаттаумен қатар, тарихты тың деректермен толықтыруда. Мәселен, Қарасай батырдың өз ерлігі үшін Есім ханнан қалап алған қазақ үйдің маңдайшасы әлі күнге сақтаулы. Ал, хас батырдың тікелей ұрпағы барын біреу білсе, біреу білмейді.

 

Асқар Тоқтамысов, Қарасай батырдың 9-ұрпағы:

 

-Мынау енді бабамыздың 400 жылдан бері сақталып келген, Есім ханнан алған қазақ үйдің маңдайшасы. Мынау сол кезден бері келе жатқан тұмары. Екі шеті көңмен қапталған. 4 ғасырдан бері сақталғаннан кейін, ағаш болғаннан кейін айырылып кетпесін деп түйенің көңімен қаптап қойған. Көң ұстап тұрады ғой.

 

Бағдарлама көркем қойылым, компьютерлік графикамен безендірілген. Сонымен қатар, батырлардың жекпе жектегі ерлігі, тұлпар құлағында ойнаған шеберлігін көрсету үшін каскадерлердің көмегіне жүгінген. Ал тарихи деректер біренеше мәрте сүзгіден өтіп, нақтыланады.

 

Еркебұлан Әлімжанов, бағдарламаның сценарий авторы:

 

-Натурада көбірек түсіреміз. Өйткені өздеріңіз білесіздер, енді батыр деген нәрсе, ол даланың батыры, ол табиғатта өскен, ол табиғатты көріп өскен. Жылқыға мінген, ат жалын тартып мінген. Сондықтан батыр деген соң міндетті түрде аттың үстінде қонған адам, ол – табиғат, ол – көшпелі халықтың өмірі. Әрине оның бәрі даламен байланысты.

 

Әзірге Наурызбай, Қарасай, Алпамыс батырлардың ерлігі көркемделіп, таспаға түсірілді. Көрермендер алдағы уақытта Тұмар ханым мен Қабанбай батырдың ерлігі туралы толығырақ білетін болады. Ал Өтеген батырдың тарихи тұлғасы туралы «Ұлы дала батырлары» бағдарламасының келесі шығарылымы «Білім және мәдениет» арнасынан бейсенбі күні 19.25-те көрсетіледі.

 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов


khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: БАҚ біз туралы

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз