+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Біздің Қазақстан» жобасы еліміздің әр қаласының тарихын көрсетеді

  • 25.11.2015

«Біздің айырмашылығымыз қандай? Бізді не біріктіреді?». Бұл сауалдардың жауабын «Білім және Мәдениет» телеарнасынан апта сайын көрсетілетін «Біздің Қазақстан» ауқымды тележобасынан табуға болады.

 

Телетуынды еліміздің әр қаласының тарихы мен ондағы тұрғындардың тұрмысын ашып көрсетуді көздейді.

 

1,5 миллион тұрғыны бар, Алатаудың бөктеріне орын тепкен Алматы. Мұнайлы қала – Ақтау. Еліміздің күре тамырындай екі қаланың айырмашылығы да бар, ұқсастығы да жоқ емес.

 

Айгүл Черендинова, «Білім және Мәдениет» телеарнасы директорының орынбасары:

 

-Жобаның мақсаты – еліміздің қандай бай, әсем екенін, тұрғындардың туған жерге деген махаббатын көрсету, сол арқылы қазіргі қазақстандықтың келбетін жасау.

 

Шығармашылық ұжым әр көрсетілімде қаланың біз біле бермейтін құпиясын ашады. Мәселен, Ақтаудың қазығы қағылғанда тұщысуды арнайы баржалармен Бакуден тасыған.

 

Бүгінгі Ақтаудың өкілі мемлекеттік шекараны кірпік қақпай күзетіп жүрген бірінші дәрежелі старшина Берік Жантілеуов өз жерін мақтан етеді.

 

Берік Жантілеуов, шекарашы:

 

-Әрине, өз жеріңде өз мемлекеттік шекараңды күзету – мақтаныш. Егер сен бірінші болып бөтен ниетті адамды ұстамасаң, ол ішке еніп, тыныштықты бұзады.

 

«Біздің Қазақстан» жобасы Көкшетау, Атырау, Тараз, Өскемен, Ақтау қалаларының кешегісі мен бүгінін таспаға түсіріп үлгерді.

 

Мәдени-танымдық деректі фильмді әр дүйсенбіде кешкі сағат 21.00-де «Білім мен Мәдениет» телеарнасынан көруге болады.

 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Ернар Сайлаубаев

 

khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: БАҚ біз туралы

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз