+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Шәкәрімнен қалған үш сурет


Шәкәрім бейнеленген 3 суреттің бүгінгі күнге дейін аман қалуының өзі ғажап. Осы фотосуреттер арқылы қазақтың ұлы ойшылы, дарабоз ақынының шынайы бет-бейнесі қандай болғанын білеміз. Олар қалай және кімнің арқасында сақталып қалды?

ШакаримТарихта НКВД басқармаларының тапсырмасымен Шәкәрімнің қаламынан шыққан тың туындыларды өртеуге бұйрық келеді. Атып өлтірілген ақынның асыл мұрасын хат танымайтын Шәукен атты қарияға өртетеді. Қария қолындағы құжаттардың кімдікі екенін де білген жоқ. Өртемес алдын Шәукен ақсақал бір нәрседен күмәнданып, біраз ойланып, ойын таразылайды. Қария хат танымаса да, құжаттардың арасындағы фотосуретті көріп, ондағы бейнеленген кісіні таниды. Ол әрине Шәкәрім еді... 

 

Шәукен қария қызыл жалынға құжаттарды тастап, суретті алып қалады. Ондағы бейне ақынның Меккеге аттану үшін төлқұжатқа түскен фотосы екен. Алайда, бұл Шәкәрімнің сақталып қалған жалғыз суреті емес еді...

 шакарим1

Ұлы ақынның екінші суреті де кездейсоқ Семей қаласының кітапханасынан табылады. Шыңғыс жотасында түскен Шәкәрімнің тарихи фотосының астында орысша «Чингизские горы. Казахский поэт» деп жазылған екен.

 

Ал қазақ ақынының бүркітті қолына қондырып тұрған сәтінің  түпнұсқа суреті сонау Мәскеуден табылады...

шакарим

 

 

 

 

 

Міне, осылайша қаншама құнды дүниелері жойылса да, артынан қалған мұрасын келешек ұрпақтың білу бақытына Жаратқанның өзі септік еткенін көргендейміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

494

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз