+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Парадарайя сақтары

  • 24.12.2015

Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ассирия деректемелерінде сақтар туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 641 – 640 ж. айтылады. Ахемен әулеті кезеңіндегі сына жазуларында олардың үш тобы туралы сөз болады: хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиграхауда сақтар (шашақ бөрікті сақтар), парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар). Алғашқы екі топ туралы Геродот та айтады, бұларды ол амюргия сақтар және ортакарибантия сақтар деп атаған. Бірқатар зерттеушілердің пікіріне сенсек, тиграхауда (көне деректерде массагеттер) мен хаумаварга сақтардың солт-тегі шекарасы Қазақстанның оңт. аймақтарын, батыста Арал-Каспий алабынан, шығыста Жоңғар Алатауына дейінгі жерлерді қамтыса, парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде қоныс тепкен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз