+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҚҰРСАҚТА ЖАТҚАН ЖАС БАЛА ШЕШЕСІН ТАҢДАП АЛМАЙДЫ..."


ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ:

-Менің шешем украин қызы. Бірақ шешемнің орыс екенін білмейді екенмін. Кейін бала кезде мектепте метрке сұраған кезде битіп қарасам шешесі "украинка" деп жазылып тұр. Сосын үйге келіп "өй сен орыс екенсің ғой" десем, "өй сен жаңа біліп жүрсің бе"- дейді күліп. Қайдан білейін өмірі орысша сөйлемеген ғой. Соғыс кезінде Украинаны немістер бомбалаған кезде үш күннен кейін біздің деревняны бомбалады дейді ол кісі. Ол кісінің өмірінің өзі бір тарих. Ал енді Әшірәлімен айтысқан кезде маған қазақтан қатын алып бер деп тиісті ол кісі. Өзіңнің шешең орыс екен деді.

Содан:

Сөйлесе сөздің шешені,

Жігіттердің көсемі.

Ұзынағаштың ұлы мен едім,

Жақыпбектің Есені.

Айналайын Әшаға,

70-тен жасың асқанда,

Татардан қатын алып ап,

Сенің де сорың бес елі-дей келе мына тармақтарды айтқанда:

шешең орыс деген сөз қыр соңымнан қалмайды,

Құрсақта жатқан жас бала шешесін таңдап алмайды,- деген кезде Әшірәлі ағамыз қолын көтерген.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

618

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз