+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘЛЕКЕҢ АЙТҚАН ӘЗІЛ - ШЫНЫ АРАЛАС ӘҢГІМЕ.....


 

Атақты археолог Әлкей Марғұлан Кеңестік кезеңде  коммунистік партияның қатарына өтіп, белсенді болып көрмеген адам. Өмірін таза ғылымға ғана арнаған. Компартияға мүше болмағасын ол кісіні жас ғалымдар кабинетінде жалғыз қалдырып жиынға кетеді екен. Көп жағдайда  керексіз жиындарға барудан өзі де бас тартып, ала жаздай әр жерден қазылып әкелінген археологиялық мирастың антропологиялық, генезистік зерттеулерін жасап, көпшілікпен шаруасы болма бермейді. Амалсыз барған жиын болса, Әлекең трибунадан сұқ саусағын шошаңдатып сөйлейтін пысықтардың «жалынды» баяндамаларынан жалығып, іші пысып кететін көрінеді.Ал, Әлекең  ғылыми жұмыс жүргізген кезде түнде санаулы сағаттар ғана ұйықтап, қағаз жазу мен кітап оқудан бас алмайды. Жұмысқа барса да дағдысы сол дейді. Кейде ғана уақыт тауып, денесі ұйып, шаршаған кезде сергу үшін жас ғалымдарды жиып алып әдемі әзіл әңгімелер айтқанды жаны қалайтын көрінеді. Сондай бір әңгімені өзінің ғылымдағы шәкірті болған Оразақ Смағұловқа айтып берген.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

414

1 comment

  • Сейсенбі, 29 Желтоқсан 2015 17:42 Қалыбек Атжан

    Әсерлі әңгіме екен. Мұны мен ертеректе Шымкентте бір азаматтардан естіген болатынмын. Онда ішіндегі бейәдеп сөздерді түпнұсқасындағыдй атын атап, түсін түстеп айтып беріп тыңдар құлақтың айызын бір қандырып еді. Ал мына жерде телеарнаның хабарындағы әңгіме болған соң әрине ғалым ағамыз әдептілік сақтап оқиғаны сыпайылап жеткізді. Бәрекелді.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз